МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Бесқарағай өңірінде қысқы кезеңге мал азығы дайындалуда. Биылғы жылы барлық санаттағы шаруашылықтарға 82 мың тонна шөп, 4,5 мың тонна пішендеме, 1 мың тонна сүрлем, 15,5 мың тонна сабан, 5 мың тонна концентрлі жем қажет.

 

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметтеріне сәйкес,

бүгінгі күні 68,8 мың тонна шөп дайын, бұл қажетті мөлшердің 83,9 %-ын құрайды. Ал шабылған пішендеме, сүрлем, сабан қоры жеткілікті екен.

— Канонерка мен Малая Владимировка ауылдық округі бойынша қажетті шөп қоры дайындалды. Өңірде бір арба шөп 35-40 мың теңгеден сатылуда. Аудан бойынша мал азығын дайындауға 1080 ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде 410 трактор, 321 шөп шабатын, 296 тырма, 53 пресс-жинағыш жұмылдырылды,- дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Бесқарағай ауданында биылғы жылы 22,31 мың га жерге дәнді дақылдар, 21,96 мың га жерге майлы дақылдар, 0,6 мың га жерге картоп, 0,72 мың га жерге көкөніс, 0,05 мың га жерге қауын, 15,05 мың га жерге мал азықтық дақылдар егілген. Облыс шаруашылықтарында 113 астық жинайтын комбайн, 2400-ден астам трактор, 2 кептіргіш бар. Ағымдағы жылы аудан шаруа қожалықтары 12 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын – Беларусь 892, 952,2, 82,1 және 1221,2 маркалы тракторлар сатып алды.

— Күзгі уақытта дала жұмыстарына 2245 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Семей қаласындағы «Алтын Мұнай ЛТД» ЖШС аудан шаруашылықтарына күзгі дала жұмыстарына оператор етіп таңдалған. Бағасы литрі 207 теңгеден сатылуда, — дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Бүгінгі күні 13,6 мың га дәнді дақылдар жиналған. Дәнді дақылдардың күтілетін орташа өнімділігі 7-8 ц/га құрайды. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары енді басталады.

 

Ербол ЕРЕНҰЛЫ

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай