Құрметті жерлестер!

Сіздерді  Қазақстан Республикасының Елордасы күнімен  шын жүректен құттықтаймыз!  Астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның жарқын жетістіктерін айшықтайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерік-жігерінің арқасында Еуразия кіндігінде ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім орталығы пайда болды. Бұл қадам даму, өркендеу және жасампаздық жолында Қазақстанға тың серпін берді. Сәулеті айрықша ғимараттар мен елорданың заманауи келбетіне әлем жұртшылығы тәнті.   Бас қаламыз барша жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналды.  Осы мереке күні барлық бесқарағайлықтарға зор денсаулық, бақыт-береке, ашық аспан, ауданымызды өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға аманық пен шаттық тілейміз!

 

Құрметпен,

Бесқарағай ауданының әкімі  Ж.БАЙСАБЫРОВ,

Аудандық мәслихат хатшысы М.АБЫЛГАЗИНОВА

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай