Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев аудан аумағында орналасқан табиғи әрі шипалы су көздерінің бірі – Шипалы көліне жұмыс сапарымен барып, оның қазіргі жағдайымен танысты.
Сапар барысында аудан басшысы көл маңындағы санитарлық тазалық пен экологиялық ахуалға ерекше назар аударды. Көл жағасында қызмет көрсетіп отырған жеке кәсіпкердің жұмысына мониторингтік бақылау жүргізіліп, санитарлық талаптардың сақталу деңгейі зерделенді.
Мониторинг нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, осыған байланысты жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, көл аумағындағы тазалықты сақтау, демалушылар үшін қолайлы жағдай жасау және экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, аудан әкімі кәсіпкерлерге көл жағасында санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, талаптардың орындалмаған жағдайында заң шеңберінде жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертті.
Бұл шаралар Бесқарағай өңіріндегі экотуризмді дамытуға және табиғи ресурстарды сақтау жолында маңызды қадам болып табылады.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі