Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаты Назымгүл Қалижанованың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының жанындағы экологиялық мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста Кеңестің жұмыс жоспары қаралды, талқыланған мәселелер бойынша бірқатар тиісті ұсыныстар мен толықтырулар енгізілді.
Отырыстан белгілі болғандай, ауылдардың экологиялық жағдайын, оның ішінде абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту, мал қорымдары мен полигондарды күтіп ұстау жағдайын бақылау мақсатында жуырда ауылдық округтерге іссапар жасалады және жұмыс қорытындысында экологиялық жағдайды жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу өткізіледі.