КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ

Өткен аптада ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Бесқарағай аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті.

Конференцияға аудандық филиалдың Саяси кеңесінің мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттың депутаттары  және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттары қатысты.

Күн тәртібінде  «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасын сайлау, партияның Бесқарағай аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, Глуховка және Беген ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттар ұсыну сұрақтары қаралды.

Конференция қорытындысы бойынша партия мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен қаулылар қабылданды.

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай