ҚАР ТАЗАЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Апат айтып келмейді. Тасқын судың алдын алу – маңызды мәселе. Аудан әкімі Талғат Мұратов азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі Д.Ербулатпен және Бесқарағай ауылдық округінің әкімі Ю.Слоницкиймен бірге Бесқарағай ауылдық округіндегі  Молдажанов, Тәуелсіздік, Сейфуллин көшелеріне барып, қар шығару барысын тексерді.

Биылғы жылы жауған қар мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда үш-төрт есе көп екенін ескерсек, дер кезінде қар шығару жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы орайда аудан әкімі әрбір ауылдық округтердегі қар шығару жұмыстарын бақылап, өзен жағасында орналасқан, су басу қауіпі бар ауылдардағы қар суының ағу арналарының жағдайын бақылауда ұстап отыр. Апаттың айтып келмейтіндігін ескерген Талғат Мұратұлы тасқынның алдын алу қажеттігін қадап айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Айта кетсек, аудан орталығында қар шығару үшін екі мердігер мекеменің жұмысшылары екі аусымда еңбек етуде. Осы мақсатқа 6 техника, 15 жұмысшы жұмылдырылған.

Ерболат РАХМЕТУЛИН

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай