«JAS OTAN» ЖАСТАРЫ БАС ҚОСТЫ

Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың маңызды бір тармағы. Өткен аптада Бесқарағай аудандық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысын өткізді.

Кеңеске облыстық мәслихат депутаты Айнаш Әлібекқызы Әменова және кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясындағы жастарға арналған тармақтарының орындалу барысы; аудан бойынша neet санатындағы жастармен атқарылып жатқан жұмыстар туралы;  «Жастар отанға» кешенді бағдарламасының жүргізу барысы туралы ақпараттар тыңдалды. Кеңес соңында тиісті сала басшыларына аталған бағдарламалардың жүзеге асырылуын жіті бақылауға алу тапсырылды.

Бесқарағай аудандық Жастар ресурстық орталығы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай