ДОЙБЫДАН ЖАРЫС ӨТТІ

 

Бесқарағай ауылындағы каворкинг орталығында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Бесқарағай ауданының барлық жас санаттағы тұрғындары арасында дойбыдан турнир өтті.

Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталады. Сақ дәуірінде көшпенді бабаларымыз «шатран» деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тиым салғанына қарамастан, қазақ даласына тез тарап кетіпті. Сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты бұл ойын халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Қазақстанның шығысында бұл ойынды «дойбы» десе, батыс аймақтарда «шатраш» деп атайды. Қазақтың «екі жеп биге шығу» деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқанының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі.

Тартысты өткен дойбы жарысында І орынды Серік Жұмабеков (Беген ауылдық округі), ІІ орынды Шәкәрім Мағжан (Ерназар ауылдық округі), ІІІ  орынды Руслан Айтқалиев (Беген ауылдық округі) жеңіп алды. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Ербол Еренұлы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай