Ғабдығали Ығиевтің отбасы мүшелерінің барлығы да дәрігер. Балалары да кішкентай кезінен ақ халатты абзал жан болуды ұйғарған.
Семей қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Ғабдығали Ығиевтің осы мамандықта жүргеніне 30 жыл болды. Оның айтуынша, әрбір қазақстандық үшін сайлау күні ең жауапты күн. Сондықтан ол отандастарын белсенді азаматтық ұстанымда болуға шақырды.
«Бүгін біздің еліміз үшін өте маңызды күн. Сайлау өтіп жатыр, оған бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет. Президенттің саяси жаңғыру жоспарын орындау мақсатында жаңадан сайланған депутаттар халық сенімін ақтап, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформаларды жүзеге асыратын болады. Үміткерлердің барлығына сәттілік тілеймін, – деді Ғабдығали Ыгиев.
Ғабдығали Ығиевтың жұбайы да дәрігер. Қызы мен ұлы оқуын жалғастыруда, олардың да дәрігер атануына көп қалған жоқ.
Ғабдығали Ыгиев Қазақстанда медицина сапасының әлдеқайда жақсарғанын айтады.
– Сайлауға отбасымызбен келдік. Әйелім де дәрігер, кардиолог болып жұмыс істейді. Қызымыз терапевт, докторантурада оқиды. Ұлымыз да дәрігер болуға дайындалуда, қазір медициналық университетте оқуын жалғастырып жатыр. Дәрігерлер отбасының атынан баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Қазір мемлекет қолдауының арқасында күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік туғанын, емдеудің тиімділігі айтарлықтай артқанын атап өткім келеді. Пациенттерге енді емделу үшін басқа қалалар мен елдерге барудың қажеті жоқ, олар қажетті көмекті осы жерден ала алады, – деп түйіндеді сөзін Ғабдығали Ығиев.