«БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

Мансап орталығының ұйымдастыруымен Бесқарағай колледжінде жұмыс іздеушілерге арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Іс-шараға Мансап орталығының директоры А.К. Курманғалиева және орталық мамандары, Бесқарағай колледжінің директоры А.С. Нұргожин, «Семей орманы» ГЛПР Долон филиалының орман шаруашылығы директорының орынбасары Б.К. Кудранов, аудан әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы А.Б. Миятова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Қ. Сабыров, сондай-ақ Абай ауданы бойынша Бесқарағай аудандық бөлімінің пробация инспекторы Ж.Б. Әйкен қатысты.

Күн тәртібінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар – «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Жиында жұмыс берушілер тарапынан электронды еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындары таныстырылып, қатысушылардың қойған сауалдарына нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар жұмыс іздеушілерге арналған ақпараттық үлестірме материалдары таратылды.

Жәрмеңкеге барлығы 37 адам қатысып, нәтижесінде 4 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

«Бос орындар жәрмеңкесі» жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жастарды еңбекке тартуға ықпал ететін маңызды шара ретінде бағаланды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жүйелі түрде өткізіліп, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тиімді көпір болмақ.

Д.АУБАКИРОВА,

Мансап орталығының маманы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай