Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Өткен аптада Бесқарағай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында кезекті «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Руслан Заденовтың төрағалығымен өткен бос орындар жәрмеңкесіне Бесқарағай аудандық прокуратурасының прокуроры Азамат Әлзахов, аудандық пробация қызметі басшысының міндетін атқарушы, әділет капитаны Әйгерім Құмарова, жастар ресурстық орталығының директоры  Жігер Еркінбеков және жұмыс берушілер қатысып, іс-шара барысында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар бос орындар жәрмеңкесіне ауданға қарасты ауылдық округтерден жұмыссыздар, мүмкіндігі шектеулі жандар, NEET санатындағы жастар, уақытша қамақтан босатылғандар шақырылды.

Күн тәртібінде жұмыспен қамту орталығының директоры А.Құрманғалиева бастаған орталық мамандары жәрмеңкеге қатысушыларға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» белсенді шаралары туралы, атап айтсақ «Қоғамдық жұмыс», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар іс-тәжірибесі», «Кәсіптік оқу», «Қайтарымсыз грант», «Мүгедектерге үшін арнайы жұмыс орындарын құру» жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, аудан бойынша жүзеге асырылатын  инфраструктуралық жобалар аталып, осы бағытта қанша жұмыс орындары ашылатыны туралы ақпарат айтылды, дайындалған брошюралар таратылды.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушылар тарапынан түскен сұрақтар жауапсыз қалмады. Нәтижесінде 5 адам инфрақұрылымдық жобаға қатысуға ниет білдірсе, 2 адам қысқа мерзімдік оқуға жазылып, 2 адам «Күміс жас» және жастарға арналған 2,5% шағын несие бойынша толық кеңес алды.

 

А.СЕМИБАЙ,

Жұмыспен қамту орталығының маманы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай