БӨКЕБАЙЛЫҚТАР ИНТЕРНЕТ ИГІЛІГІН ПАЙДАЛАНАДЫ

Баскөл ауылдық округіндегі Бөкебай ауылының тұрғындары үшін қуанышты жағдай орын алды. Жылдар бойы күрмеулі мәселелер қатарында болған байланыс желісі оңтайлы шешім тауып, «Билайн» ұялы операторы мен 3G мобильді интернетін пайдалануға мүмкіндік туды.

– Жыл сайын аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесуінде азаматтардың жазалары мен шағымдары тізімінде ең өзекті мәселе ретінде байланыс мәселесі қойылатын. Тұрғындар тарапынан ауыл студенттері мен жастары үшін мобильді байланыс жүргізу сұралатын. Бұл мәселені бірден шешу мүмкін болмағанымен, біртіндеп байланысқа қол жеткіздік. Енді Бөкебай ауылында республикалық бағдарлама бойынша «Билайн»мобильді байланысы жұмыс істейді. Осылайша, бөкебайлықтар интернеттің игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болды,- деді Баскөл ауылдық округінің әкімі Қайрат Бытебаев.

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай