БІЛІМДІ ШӘКІРТТЕР – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттермен озады», – деген екен Абай атамыз. Ұлы ақын сөзі қанша уақыт өтсе де өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар осы заманның дамуына үлес қосады. Ел ертеңі болар балалар мектеп партасында отырған оқушылар, оларға бағдар беруші – ұстаздар. Н.Баймұратов атындағы орта мектебі жаңалықты жатсынбай қабылдайтын және шәкірттерін баянды болашаққа жетелеу жолында қажырлы қызмет атқарып жүрген ұстаздарымен ерекшеленеді.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беруде аталмыш мектептің өзіндік сара жолы бар, білім шаңырағында атқарылып жатқан өнегелі істер өте көп. Мектепте дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсат — жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру.

2020-2021 оқу жылының екінші жартыжылдығында мұнда 149 оқушы білім алып жатыр. Ұстаздары білім мен тәрбиемен қанаттандырған шәкірттер түрлі облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысады. «Ақбота» олимпиадасына қатысқан 9 оқушының төртеуі (А.Хасанова, Ш.Нұрсеитова, А.Ильшибекова, А.Мусин) 9 оқушы қатысып, 4-еуі  жүлделі орындарға ие болды. «Асыл тасқа» қатысқан 17 оқушы: 10 бірінші орын, 3 жүлделі ІІ орын, төрт ІІІ орын алып, мектеп қанжығасын молайтты.

«Балапанға» қатысқан 14 қатысушының екеуі жүлдегер атанса, «Тұлпарға» қатысқан 21 қатысушының барлығы І орынға ие болды. «Алтын жүн» байқауына 12 қатысып, төртеуі 1 орын алды. «Малахит» байқауына қатысқан 17 қатысушының екеуі жеңімпаз атанса,

«Тарих-атаға» қатысқан 5 оқушының екеуі ІІІ орын, 2 оқушы ІІ орынға ие болды.

Тәрбие жұмысы мектеп директоры бекітке жоспар бойынша жүзеге асырылады. Қыркүйек айында «Мектепке жол» акциясы өткізілді, сынып жетекшілері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік қолдау көрсетуге белсенді қатысты.

Қ.Р. Сағатбекова, Т.К.Солтангазина, А.Н.Рахимбаева сынды қайырымды жандардың есімдерін атап өтуге болады.

Мектептегі үйірме жұмыстары – сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры десе болғандай. Н.Баймұратов атындағы мектепте 3 үйірме оқушылар игілігіне жұмыс істеп тұр. «Самоделкин» техникалық шығармашылық үйірмесінің жетекшісі — М.В. Працюк, мектеп орман шаруашылығының жетекшісі М.С.Қалдаманов — «Экологиялық отряд» жетекшісі С.Е.Байбаева.  Сонымен бірге футбол, волейбол, еркін күрес, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.

15-22 қаңтарда «Қауіпсіз автобус» республикалық акциясы өтті. Автобус жүргізушісі қауіпсіздік нұсқаулықтарын, сондай-ақ автобуста жүру ережелерін үйретеді.

Ақпан айында «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы ұйымдастырылып, балалар тілектерін жазып, мектеп фойесінде 1 қабатта орнатылған тілектер қорабына салды. Т.К. Солтангазина Р.Мүшекеновтың тілегін орындады.

Қазан айында «Бала құқығы-адам құқығы» «Парасатты отбасы» атты сайысқа қатысқан Айтжановтар отбасы шаңырақтарында адамгершілік, татулық, бірлік пен береке салтанат құрғанын көрсетті.

Жалпыадамзаттық құндылықтар күні 1-4сынып оқушылары «Балалықтың бал шағы» тақырыбында шаттық шеңберлері, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналармен онлайн-жиналыс, балалар арасында суреттер байқауы өтті.

Шәкірттердің бойында қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін дарыту мақсатында республикалық «Қайырымды істер марафоны» акциясы өтіп жатыр. Мектептің техникалық персоналының қызметкері Гүлмира Садықова бір Мушекеновтар отбасына

бір компьютерлік жинақ тарту етті.

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат ретінде қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесін алдағы уақыттарда да берері сөзсіз. Бала – ертеңгі азамат. Оны тәрбиелеп, биік шыңдарға жеткізу, мемлекеттің  мүддесіне өзі жететіндей етіп қалыптастыру педагог қауымының мақсаты мен міндеті. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашуға ұмтылған ұстаздар ұжымына жетістік тілейміз.

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай