Үржар ауданының Таскескен ауылында өткен «Ауыл – ел бесігі» атты ел бірлігі мен рухани жаңғыруды насихаттаған ауқымды шараға Бесқарағай ауданы белсенді түрде қатысты.
Іс-шара аясында аудан атынан ұлттық нақышта безендірілген киіз үй тігіліп, «Абайдың шығармалары жастар көзімен» атты мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Көрмеге арнайы келген облыс әкімі Берік Уәлиұлы жоғары баға берді.
Белгілі кәсіпкер Талғат Сақанның бастамасымен ұйымдастырылған бұл фестивальда спорт пен өнер ұштасып, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды. Бесқарағай ауданының киіз үйінде ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова бастаған өнер жұлдыздары қонақ болып, халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара қорытындысында Бесқарағай ауданының киіз үйі «Үздік киіз үй» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.
Мерекелік шараға аудандық мәслихат төрайымы Мейрамгуль Абылгазинова, аудан әкімінің орынбасары Нұржан Агибаев және мәдениет саласының қызметкерлері белсене атсалысты.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.