Айтулы шараға орай, Бесқарағай ауданына қарасты Малая-Владимировка ауылдық округтерінде ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан бойынша 700 түптен аса ағаш көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы – ағаш көшеттерін отырғызуға, тал түптерін әктеп, абаттандыруға бағытталған. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Бесқарағай ауданында тал-көшеттерін күтіп-ұстауға бағытталған ауқымды шаралар өтпек.
Осы ретте барша тұрғындарды игі шараға атсалысуға шақырамыз.