Бесқарағайда ауыл футболшылары үздік команданы анықтады

Бүгін Бесқарағай ауданында облысы Абай әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорт ойындары аясында футболдан іріктеу турнирі өтті.
Турнирге ауданның бес ауылынан келген командалар қатысты. Алаңда шынайы тартыс, жанкешті ойын мен спорттық рух үстемдік құрды. Жеңіске деген жігер мен ұйымшылдық ерекше көзге түсті.
Футбол бәсекесінің қорытындысы бойынша Бесқарағай ауылының құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды Долон ауылының командасы иеленсе, 3-орын Ерназар ауылдық округінің еншісіне тиді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы марапаттарды аудан әкімінің орынбасары Нұржан Агибаев табыстап, жастарға сәттілік тіледі.
Бұл турнир – ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, облыстық деңгейге жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай