Бесқарағай ауданының «Мейірімді жүрек» еріктілер тобы мен Шығыс Қазақстан облысының «Салауат» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, «Жасыл ел» жасағымен бірге жыл сайын жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткізілетін «Бесқарағай ауданының інжу маржанын сақтайық» атты экологиялық акциясын өткізді.
Іс-шараға 100 шақты жастар өз үлесін қосты. Акцияда әкімнің орынбасары Батталов Бауыржан Жекенұлы сөз сөйледі. Экологиялық акция барысында еріктілермен бірге қоқыс контейнерлері орнатылды, оның барысында аудан жастары демалушыларды қоқыс тазалауға тартты.
Демалушылар белсенді қатысып, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жастар мен демалушылар біздің Бесқарағай көлінің «Шошқалы» інжу маржанына ұқыпты қарауға шақырады.