“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданында “Таза аудан” акциясы өз жалғасын табуда. Акция барысында елді мекендердің көшелері тазартылып, қоршаған ортаны жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, Бесқарағай ауылындағы орталық стадион аумағында арнайы техниканың көмегімен шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл көшелерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары белсенді түрде қолға алынуда.