Бүгін 1 мамыр күні Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылында Шабра тоғай саябағында экологиялық акция аясында «Достық аллеясына»ағаш көшеттері отырғызылды. Көшеттерді «Семей орманы» МОТР РММ Бөкебай филиалы, сондай-ақ Семей қаласынан келген жерлестеріміз Хазипова Рафаэль, Байқанов Эльдар, Хасанова Данил ұсынды. Ағаш отырғызуға Башкөл ауылының жастары қатысты. Жалпы саны 500 дана шырша, қайың, қарағай, долана және итмұрын, сондай-ақ, шамамен 800 бұта құлпынай отырғызылды. Шараны ұйымдастырушы «Башкуль» татар мәдени орталығы.