Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, дауыс беру — әрбір азаматтың басты міндеті.
– Осыдан бір жыл бұрын, Президентіміз өз Жолдауында әкімшілік, саяси және экономикалық реформалар туралы баяндады. Өткен жылы референдум мен Президент сайлауы өтті. Халқымыз белсенділік танытып, таңдауын жасады. Биыл да, саяси реформалар жалғасуда.
Өздеріңіз, күнделікті, баспасөз бен теледидар, әлеуметтік желілер арқылы сайлау науқанымен таныс болдыңыздар. Барлығы ашық, тең, жария түрде өтуде.
Бүгінгі, сайлауға да Абай елінің белсенді қатысуы қуантады.
Бұл – халқымыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін көрсетеді. Болашақтың қамы болғандықтан, әркім сайлаудан тыс қалмау керек деп санаймын.
Барша кандидаттарға сәттілік тілеймін! Әрқайсысы Абай елін көркейтуге бір кісідей атсалысады деп ойлаймын! Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!- деді облыс әкімі Н. Ұранхаев.