Аяқдопшылар аудан абыройын асырды 

 

Облыс орталығы Семей қаласында 21-23 сәуір аралығында жасөспірімдер арасында шағын футболдан Республикалық турнир өтті. Турнирге Семей, Астана, Алматы қаласының споршылары және еліміздің әр аймағынан келген аяқдопшылармен бірге бесқарағайлық спортшылар қатысты.

Жарысты аудан әкімі Талғат Мұратов арнайы барып тамашалап, жерлестерімізге сәттілік тіледі. Аудан намысын қорғаған спортшыларымыз да сенімге селкеу түсірмей, тамаша ойын нәтижесін көрсетті. 8 команда бақ сынасқан турнирде аудан жастары жүлделі екінші орынға ие болды.

-Барлық қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын! Бірлігі жарасқан Бесқарағай ауданының намысын қорғайтын споршыларымыздың қатары арта берсін!- деп атап өтті Талғат Батырұлы.

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай