Ауылды көтерудің басты бір жолы халыққа арнап баспана салу болса…

Ауылды көтерудің басты бір жолы халыққа арнап баспана салу болса, алдағы уақытта шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін үй салу әдеттегідей жос­пар­ға алынған.
Осы орайда, бүгін аудан басшысы Нұрбек Қошқарбаев Бесқарағай ауданына қарасты Беген, Малая-Владимировка және Баскөл ауылдық округтерінде салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы барысын бақылап қайтты. Сапары барысында әкім жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарының қарқынымен және сапасымен танысты. Сонымен қатар мердігер компания өкілдерімен кездесіп, құрылыс барысында туындаған мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.
Нұрбек Қошқарбаев тұрғын үй құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуына, сапалы материалдардың қолданылуына және барлық құрылыс нормаларының сақталуына ерекше назар аударды. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарына қолайлы тұрмыс жағдайын жасау қажеттігін атап өтті.
Сапар соңында аудан басшысы жергілікті тұрғындармен сөйлесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Тұрғындар жаңа үйлердің салынуына ризашылықтарын білдіріп, құрылыс сапасына қатысты өз тілектерін жеткізді.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай