Аудандық сотта 776 іс қаралды

 

Абай облысы Бесқарағай аудандық сотының төрағасы К.Қартабаев «Біздің Бесқарағай» газетінің бас редакторы Е.Рахметулиннің қатысуымен Бесқарағай аудандық сотының 2023 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Сот төрағасы 2023 жылдың сот қызметі жөнінде баяндап, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталып, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтарымен таныстырды.

Аталған мерзімде сотқа барлығы 776 іс түскен. Оның 337-сі азаматтық іс болса, 211 іс аяқталып, 38-і медиация тәртібімен аяқталған. 130 іс боынша шешім қабылданып, 11 сот бұйрығы шықты. 46 қылмыстық іс қаралып, 34 үкім шықты. 389 әкімшілік іс қаралып, оның 87-сі медиация тәртібімен аяқталды.

Сондай-ақ, сотта 46 электронды қылмыстық іс қаралды, ол 92 пайызды құрады.

Сот жүйесіне алдыңға қатарлы IT-технологияны қолдану сот төрелігінің ашықтығын арттырды. Барлық азаматтық істер «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы түседі. Былтырғы жылдың наурыз айынан бастап әкімшілік істер сотқа Әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрі ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде түседі.

2018 жылдан бастап «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске асырылып келеді. Қазіргі уақытта ауылдық округ әкімдіктермен бірлесіп ауданның 9 елді мекенінде 9 станционарлық Интернет желісі қосылған, ал бұл өз кезегінде осы елді мекен азаматтарының сот процестеріне қашытықтан «ZOOM» платформасы арқылы қатысуына мүмкіндік жасап отыр.

Өткен жылы сот процестері дыбыс-бейнежазбаны қолдана отырып, «WhatsApp» мобильдік байланысы арқылы да, «ZOOM» платформасы арқылы да жүргізілді.

Сот төрағасы өз сөзінде сот корпусы үшін сот төрелігінің сапасын және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, сот процестерінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету маңызды болып табылатынын атап өтті. «Сот кабинеті» электронды сервисі Жоғарғы Соттың интернет–ресурсы арқылы сот ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ететіндігін түсіндірді.

Брифинг барысында сот төрағасы К.Қартабаев барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар берді және Ерболат Еренұлына алғысын білдірді.

 

Бесқарағай  аудандық сотының баспасөз қызметі

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай