Бүгін аудан басшысы Нұрбек Қошқарбаев «Башкуль» облыстық татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р. Хамитовпен кездесіп, бірнеше маңызды мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында аудан басшысы ауылды дамыту мақсатында инвестиция тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Р. Хамитовпен бірге ауылдағы инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және жаңа жобаларды іске асыруға инвесторларды тарту жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, татар халқының дәстүрлі мейрамы – Сабантойды ұйымдастыру және өткізу мәселесі де сөз болды. Нұрбек Қошқарбаев бұл мерекенің ауыл халқының бірлігін арттырып, өзге ұлт өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Р. Хамитов Сабантой мейрамын жоғары деңгейде өткізу үшін орталық тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Аудан әкімі өз сөзінде кәсіпкерлік пен мәдени бастамаларды қолдау арқылы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударатынын айтты. Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық орнатып, ауылды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды қолға алуға уағдаласты.