Ата тек – ұлттық негізіміз

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» — демекші, қазақ тілі – ана тіліміздің мәртебесін биік ұстау  — ұлттық болмыс өзегі сақталуының, ел елдігінің, ғылым мен мәдениетіміздің, өнеркәсібіміздің, қоғамдық құрылысымыздың, салт-санамыздың, дәстүріміздің, ұлттық мұрамыздың биік дәрежеміздің көрсеткіші екенін білеміз.

Кез келген ұлттың, халықтың ең басты байлығы – сол халықтың ана тілі.

Бүгінгі күні қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру мәселесі – өзекті мәселелердің бірі. Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті. Бүгінде латын әліпбиін дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданады. Сондықтан латын қарпін білген отандастарымыз жер шарының қай түкпірінде жүрсе де ақпарат алып, хабар алмаса алады. Латын графикасы халықаралық сипат алып, өзге елдерге біздің бай және көркем тілімізді танытуға мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін құндылығы мен маңыздылығы жоғары бастама, еліміздің өз дамуын жалғастыруда зор ықпалын тигізеді. Сондықтан бұл бастаманы орынды, жұртымыздың сана сезімін арттыратын және болашағы зор шешім деп санаймын.

Латын әліпбиіне көшу біртіндеп өз орнын алуда, газет – журналдардағы мақалалар, көрнекі ақпарат, баннерлер мен жарнамалық билбордтар жаңа бекітілген қаріппен жазылуда. Келешекте латын қарпі үйреншікті жағдай болуда. Сондықтан бүгіннен бастап жаңа бекітілген латын қарпінде аты – жөнімізді жазып  үйренуден бастайық.

 

М.ТАЙГОЖИНА,

Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және

спорт бөлімінің бас маманы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай