Биылғы жылы Ардагерлер кеңесі қашықтан жұмыс істеді. Дегенмен үшінші тоқсанда кеңес мүшелері қайта бас қосып, дөңгелек үстел өткізді. Отырыс барысында Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Бесқарағай ауданының жеткен жетістіктері мен келешегі сөз болды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты дөңгелек үстелде ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері және Мемлекет Басшысының Жолдауы талқыланды.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани Жағыру» мемлекеттік бағдарламасы бірегей жобаларды қамтыды. Соның ішінде өлкетану мен туризмді дамытуға арналған «Қазақстанның Сокральды картасы» жобасы да бар.
Аталмыш жоба аясындағы Бесқарағай ауданы ардагерлерінің Абай ауданына экскурсиясын мәдени және рухани мұраны дамытуға, сақтауға қосқан үлесі деп санауға болады. Аға буынға арналған бұл экскурсия Бесқарағай ауданының әкімі Жарқынбек Борашұлы Байсабыровтың бастамасымен және қолдауымен ұйымдастырылды. Экскурсияға шыққан 35 ақсақалға бұл сапар ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады.
Қизат ҚАЙЫРХАНОВ,
Бесқарағай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы