«АНАННЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ, АҚ ЖОЛ ТӘРБИЕСІ»

 

«Анасына қарап қызын ал» деген ұлағатты сөзді ұстанған қазақ халқы қашанда қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бұл орайда ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымыздың рөлі ерекше. Қарабас және Жетіжар ауылдық округтерінде «Балалар жылы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы аясында «Ананың аялы алақаны, ақ жол тәрбиесі» жобасы бойынша аудандық байқау өтті.

 

Барлық қатысушыларды Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Баталов және аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Р. Қисамиева мерекемен құттықтады. Байқауға Өндіріс ауылының белсенділері Г. Модабаева, Ж.Бигеева, Р. Сабиева қатысып, шеберлігін, талантын көрсетіп, өздері дайындаған тағамдарын ұсынды. Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Қарабас ауылдық округ әкімі С.Байқадамов және Қарабас ауылдық округі бойынша Аналар кеңесінің төрағасы С.Оспанова  ауыл ақсақалдарын құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Шара соңында мерекелік дастарқан жайылып, қатысушылар естелік суретке түсті.

Жетіжар ауылдық округінде де «Ананың аялы алақаны, ақ жол тәрбиесі» жобасы бойынша байқау өтті. Байқауға Г.Черпаева, Р.Сагитова, Н.Сагиева, Қ.Қабдыраш қатысты. Іс-шара соңында ауылдық округінің әкімі Т.Байзақов қатысушыларға алғыс хаттар табыстады. Іс-шара естелік суреттермен және мерекелік дастарханмен аяқталды

 

И.Қалтаева,

«Бесқарағай аудандық Достық үйі» КММ директоры

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай