«ОРАЗА ҚОРЖЫН»

«ОРАЗА ҚОРЖЫН»

Қайырымдылық акциясы

«ОРАЗА ҚОРЖЫН»

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.

Қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында аудандық мәслихат депутаттары бастамашылық еткен «Ораза қоржын» қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Долон ауылдық округінің әкімі К.Ипанов аудандық мәслихат депутаты Р. Нұрғалиевпен бірлесіп, Бөдене ауылындағы аз қамтылған отбасыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға азық-түлік себеттерін табыс етті.

«ББ»-ақпарат

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай