159 азаматтық іс қаралды

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Қалиев «Біздің Бесқарағай» газетінің бас редакторы Е.Рахметулиннің қатысуымен Бесқарағай аудандық сотының 2023 жылдың 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Сот төрағасы 2023 жылдың 1 тоқсандағы сот қызметі жөнінде баяндап, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталып, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтарымен бөлісті.                                                                                                                                          Аталған мерзімде сотқа барлығы 159 азаматтық іс түскен, оның 55 азаматтық іс,  7-і бойынша медиация тәртібімен аяқталып, ол 13% құрады,  35 іс боынша шешім қабылданып, 3 сот бұйрығы шықты. 8 қылмыстық іс қаралып, 6 үкім шықты. 97 әкімшілік іс қаралып, оның 17 бойынша медиация тәртібімен аяқталды, ол 13% құрады. Сондай-ақ, сот 8 электронды қылмыстық іс қаралды.

Сот жүйесіне алдыңға қатарлы IT-технологиясын қолдану сот төрелігінің ашықтығын кеңейтті. Барлық азаматтық істер «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы түседі. 2023 жылдың 1 наурызынан бастап әкімшілік істер сотқа Әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрі (ӘӨБР) ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде түседі.

2018 жылдан бастап «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске асырылып келеді. Қазіргі уақытта ауылдық округ әкімдіктермен бірлесіп ауданның 9 елді-мекенінде 9 станционарлық Интернет желісі қосылған, ал бұл өз кезегінде осы елді-мекендерде азаматтар сот процестеріне қашытықтан «ZOOM» арқылы қатыса алады.

2023 жылдың 3 айында сот процестері дыбыс-бейнежазбаны қолдана отырып, «WhatsApp» мобильдік байланыс арқылы да, «ZOOM» арқылы да жүргізілді.

Сот төрағасы өз сөзінде сот корпусы үшін сот төрелігінің сапасын және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, сот процестерінің ашықтылығы мен қол жетімділігі маңызды болып табылатынын атап өтті. «Сот кабинеті» электронды сервисі Жоғарғы Соттың интернет–ресурсі арқылы сот ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ететіндігін түсіндірді.

 

Бесқарағай  аудандық сотының баспасөз қызметі

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай