1 мамыр күнімен құттықтау

1 мамыр күнімен құттықтау

Құрметті Бесқарағайлықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 1 Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күткен мейрамы.

Еліміздегі «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының  негізін құрайтын бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық болған жерде қашанда іс нәтижелі болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.  Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету –  әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – жалпы халықтық игілік, оны күнбе-күнгі еңбегімізбен нығайтып, қорғауымыз қажет.

Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс бір­тұтас еліміздің ортақ мей­ра­мы. Олай болса, Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Құрметпен,

Бесқарағай ауданының әкімі                                                                     Ж Байсабыров

Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы                                М. Абылгазинова

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай